6.02.2025
Ақтөбе қаласының Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсуге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесу барысында полиция сержант З.Шуманова оқушыларға құқық қорғау органдарындағы қызмет туралы, оқуға түсу шарттары мен болашақтағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Кездесуге 11-сыныптың 61 оқушысы қатысты, олардың арасында құқық қорғау саласына қызығушылық танытқандар да болды. Оқушылар үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, физикалық және интеллектуалдық сынақтар, сондай-ақ ІІМ жүйесіндегі мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Барлық қатысушыларға назар салып, белсенділік танытқандары үшін алғыс айтамыз! Құқық қорғау саласын таңдаған түлектерге саналы шешім қабылдап, өз мақсаттарына нық қадам басуларына тілектеспіз.


