Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

13.01.2025

12.01.2024 жылы сағат 10.00-де ІІО әкімшілік қызметікафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А. А. Алмағамбетова 11 сынып оқушыларымен (Ақтөбе қаласының № 14 орта білім беру мектебі) ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына түсу туралы брошюралар, бейнероликтер мен презентациялар көрсетумен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.
Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.