30.01.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Дархан Амангелдіұлы Амангельдиев Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының өкілдерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің саяси-идеологиялық бағдарламаларын іске асыру мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ жұмысшыларына ұйымдастырылған «Құқықтық сауаттылық: әділ қоғам негізі» тақырыбындағы кездесуге қатысты. Кездесуде «Заң мен тәртіп» қағидасының халықтың санасына терең орнығуы, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын берік ұстанудың маңыздылығы жеткізілді. Қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар мен кеңестер берілді.





