31.01.2025
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына идеологиялық және мәдени бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында кафедра күнін өткізді.
Тыңдаушыларға Ақтөбе облысының тарихы, көрікті және киелі жерлері туралы презентация жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе өңірінде дүниеге келген батырлар, ақындар, музыканттар және басқада көрнекті тұлғалар аталды. Институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың ерлігі еске алынып, институттың тарихымен таныстырылды. Іс-шара барысында институттың ғылыми, оқу жұмысы және жетістіктері туралы баяндалды. Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы туралы мағлұмат, оқытылатын пәндер және жаңалықтары айтылды.
Тыңдаушыларға қызықты әрі пайдалы күн болды. Мұндай iс-шаралар жақсы тұлға ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізетіні сөзсiз.


