31.01.2025
Біліктілікті арттыру курстары аясында ішкі істер органдарының білікті кадрларын даярлау мақсатында ҚР ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е.Т.Алдияровтың «ІІО қызметіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында өткізген тәжірибелік сабағына Ақтөбе облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты Т.Тобажанов қатысты.
Сабақ барысында полиция бөліністерінің экстремизммен күрес бағытындағы мәселелері қозғалып, олардың орындалу деңгейлері жеткізілді.





