Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

29.01.2025

2025 жылдың 28 қаңтарында институттың оқу-әдістемелік орталығы кәсіби коуч-жаттықтырушы, PhD докторы К.Т.Қуанжанованың және институттың кадр жұмысы бөлімінің инспектор-психологі М.Айболатқызының қатысуымен «Кәсіби шаршаудың алдын алу», «Педагогикалық тимбилдинг» тақырыптарына семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты: институттың профессорлық-оқытушы құрамына өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқару және кәсіби құзіреттілік дағдысын дамытуды, сонымен қатар кәсіби шаршауға қарсы тиімді стратегияларды қалыптастыруды үйрету.

Тренинг барысында қатысушылар өздерінің қарым-қатынас дағдыларын жақсартудан басқа, кәсіби қызметте туындайтын жанжалды жағдайларды тиімді шешуді үйренді.