Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1.02.2025

Ішкі істер органдарының арнайы күштерінің бөлімшелері үшін мамандар даярлау ерекше тәсілдерді қолдануды талап етеді.

Қазіргі уақытта Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында аталмыш бағытта Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары тәжірибе алмасуда.

Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры Дамеш Шаханова өткізген арнайы жасақ жауынгерлерін психологиялық даярлау бойынша тренингте жауынгерлер күрделі және төтенше жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтау, кәсіби қызмет процесінде жанжалдардың алдын алу және шешу қабілетін қалыптастыруды машықтандырды.