28.01.2025
2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанға белгілі заңгер ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, з.ғ.д., профессор Ибраева Алуа Саламатовна онлайн форматта «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын қалыптастырудың, құқықтық мәдениетін жетілдірудің құқықтық негізі және қағидалары» тақырыбында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінде білім алып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері үшін қонақ дәрісін өткізді.
А.С.Ибраева полицияда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа шеңберінде Конституциялық құқықтық сананы қалыптастырудың, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық тәрбиесі мен құқықтық мәдениетін жетілдірудің ерекше рөлін егжей-тегжейлі түсіндірді. https://farabi.university
