22.01.2025
2025 жылғы 22 қаңтарда кадет сыныптарында сабақтар өткізу жоспары аясында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А.А. Длимов және институттың 1-курс магистранты, полиция капитаны А.Г. Жұмағұлов Ақтөбе қаласындағы №41 мектеп-гимназиясының 8-10 сынып оқушыларына арналған көшпелі сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Оқиға болған жерді қарап-тексеру тактикасы». Сабақ барысында аталған тақырыптың негізгі аспектілері жан-жақты түсіндірілді.





