Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

14.01.2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал- майоры Әділов Санжар Әскенұлы ресми іссапармен келіп, жеке құрамға оқу орнының жаңадан тағайындалған басшысы полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан Молдабекұлын таныстырды.
Профессорлық-оқытушылық құрамға болашақ полицейлерді даярлауда жаңа қадамдар мен заманауи бастамалар қажет екендігін атап өтіп, жауапты қызметте сәттілік тіледі.