24.12.2024
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл» – деген болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Институтта қызметкерлерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру жұмыстары алға қойылған. Бұл жұмыс Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының қызметімен жыл сайын үзбей атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығында өткен В-2 ортадан жоғары деңгей бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсы сабақтары аяқталды.
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Оңталап курсты қорытындылап, бірнеше тренингтер мен сергітпе ойындар ұйымдастырып, білімдерін пысықтады. Соңында курсты оқып бітіргендігі жөнінде сертификат табысталды.