12.12.2024
2024 жылдың 12 желтоқсанында ЖЗП кафедрасының «Заңгер» ғылыми- зерттеу үйірмесінің аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік түніне арналған мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ИДЕОЛОГИЯСЫН ОРНЫҚТЫРУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге институтымыздың 1 курс курасанттары қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Дөңгелек үстел барысында «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелері қарастырылды.
Бұл кұнды деректерге толы кездесу болды және де «Заңгер» ғылыми үйірменің мүшелері дөңгелек үстелдің баяндамашыларына сұрақ қойып, пікір алмасты.
Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.