Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

13.12.2024

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында қолданылуын талқылау, мекемелерде ұйымдастырылған мемлекеттік тіл курстарының нәтижелерін қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» дөңгелек үстелі өтті.
Шара барысында жыл бойы жүзеге асқан тілдік іс-шаралар мен мемлекеттік тіл курстарының нақты нәтижелері қорытындыланып, орталық оқытушылары «Бәрімізде бір мақсат» тренингін өткізді.
Шара соңында жылдар бойы бізбен бірелесе жұмыс істеп, тығыз байланыста болған белсенді мемлекеттік мекеме мен халыққа қызмет көрсету саласы қазақ тілі курстарының үздік ұйымдастырушылары алғысхатпен марапатталды.
Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мемлекеттік тіліміз жасай берсін! Әріптестігіміз өз жалғасын таба берсін!