13.12.2024
12-13 желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК және Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының филиалымен бірлесіп «Сот – медициналық сараптама жүйесіндегі білім, ғылым және практика» І Халықаралық конгресін ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова сөз сөйледі. Конгресс барысында Қазақстан Республикасы, Ресей, Өзбекстан Республикасы және Қырғызстан Республикасының Сот медицинасы саласындағы белгілі ғалымдар мен мамандар қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Н.Т. Саханова «Qurmet belgisi» құрметті наградасымен және Қатысушы сертификатымен марапатталды.