Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақпарат

26.04.2017

2017 жылғы 25 сәуірде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында «Рухты жаңғырту – бірегейлікті сақтау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің өкілдері мен студенттері, курсанттар және институт оқытушылары қатысты.

Алдымен, институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев сөз сөйлеп, мақала турасында өз пікірін білдіріп, маңыздылығына тоқталды. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі А.М.Мажит еліміздегі саяси және экономикалық жетістіктермен бірге әлемдік даму тәжірибелерінен мысал келтіріп, мақала туралы өз көзқарасымен бөлісті.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Д.Бақыт сөз кезегін алып, ғылыми, ресми және тарихи деректерді салыстыра отырып, мақалаға қатысты ойын жеткізді. Институттың оқытушылары мен курсанттары, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің өкілдері мен студенттері де Ұлт санасы, білім саласы, азаматтық қоғамдағы құқықтық сауаттылық, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, латын әліпбиінің  енгізілуі секілді сұрақтарды көтеріп, талқылады.

Соңында институт бастығы С.И.Қаракүшев барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, арнайы келген қонақтарды және белсенді қатысушыларды алғысхатпен марапаттады.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі