Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

11.12.2024

“Елдесу және татуласу” жобасы аясында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім алатын курсанттармен кездесу өтті. Кездесуге этномедиация кеңесінің мүшелері, облыстық ҚХА мүшесі, мәслихат депутаты М.А.Қойлыбаев және облыстық “Аңсар” орталығының психологы О.А.Вороневич және кәсіби медиатор М.М.Манепов қатысып, этносаралық саладағы медиацияны дамыту, татулық пен тұрақтылықты сақтау, кез-келген
келіспеушіліктердің алдын-алу және қоғамды бірлікті нығайту бағытында сөз сөйледі.