Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

10.12.2024

Институтымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай патриоттық тәрбиеге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Патриотизмнің өзі – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни кіші Отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу, туған жердің тарихын оқып-білу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Осындай мақсатпен кураторлық сағат аясында 101-взвод курсанттары полиция полковнигі А.К.Ибраевамен бірге Ақтөбе облысындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі – Облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхаттады. Курсанттар музейден орын алған «Табиғат», «Қазақ хандығы», «Археология», «Құнды және сирек экспонаттар залы», «Ерлік пен Даңқ», «Ақтөбе өлкесінің тарихы» және «Тәуелсіздік жолымен» залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті.
Экскурсия жас курсанттарға тың серпін беріп, терең әсер қалдырды.