Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

4.12.2024

«Салауатты сана» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі-ұлт намысы» тақырыбында Ақтөбе облыстық аналар кеңесінің қатысуымен институттың әйелдер құрамымен жиналыс өтті.

Аталған жұмыс барысында Ақтөбе облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Рауза Сатымқызы Сергалина, мүшелері Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы және Қасанғалиева Ақгүл Мубаракқызы жастар арасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық, ойынқұмарлық сияқты қоғамдағы кеселдер барысында мәселелер қарастырылып, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық туралы айтылып, адамгершіл, адал болып, салауатты іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жастарға жан-жақты мағлұмат берілді.