29.11.2024
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында өткізілген 2023-2024 оқу жылындағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» институтішілік байқауының нәтижесі бойынша жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Айгуль Касымбековна Ибраева 1-орын жеңімпазы атанды.
2023-2024 оқу жылындағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» институтішілік байқауының қорытындысы бойынша (1-орын беру туралы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде) Айгуль Касымбековнаның конкурстық құжаттамасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізіп жатқан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» Республикалық байқауына жіберілді. Өтінімдер мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданды.
Айгуль Касымбековнаны жеңісімен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз. Айгуль Касымбековнаға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» Республикалық байқауында жеңіске жетуіне сәттілік тілейміз.