22.11.2024
Ресей ІІМ Уфа заң институты және қылмыстық құқық және криминология кафедрасымен бірлесіп бейнеконференцбайланыс сервисін пайдалана отырып, «Экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның ПОҚ және «Фемида» ғылыми үйірмесінің мүшелері КДФ 1 курс курсанттары қатысты. Дөңгелек үстел экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ курсанттардың ғылыми үйірме жұмысына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді, өйткені курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы білім алушының кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқыту үдерісіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.