Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

20.11.2024

Институттың қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Нелли Талаповна Саханова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 14 қарашадағы №1075 бұйрығына сай 50500 – Құқық ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын иеленді.
Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми жолда жаңа тың ізденістер мен шығармашылық шабыт, кәсіби өрлеу тілейміз.