Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

15.11.2024

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2024 жылғы 13-15 қараша аралығында Алға ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін ұйымдастырды. Бұл іс-шараны институттың ЖжББ бастығы полиция полковнигі А.С. Тайшибаева, кафедра бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова, Алға ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры З.А. Мухангалиева және Алға ауданы білім басқармасының методисті Р.С. Төлегенов бірлесіп өткізді.

Кездесулер барысында мектеп бітіруші түлектерге құқық қорғау саласында білім алу мүмкіндіктері, институттың материалдық-техникалық базасы, оқу орнындағы жатақхана, кітапхана қоры, әскери дайындық бағдарламасы және мәдени-демалыс жұмыстары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, стипендия, тегін арнаулы киім нысандары мен тамақтану мүмкіндіктері туралы мағлұматтар жеткізілді.

Түлектерге құқық қорғау саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылып, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға бағыт берілді. Институт туралы слайдтық материалдар көрсетіліп, жарнамалық буклеттер мен басқа да ақпараттық материалдар таратылды. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты — оқушыларды құқық қорғау қызметіне тарту және болашақ мамандықтарын таңдауда қолдау көрсету.