Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

14.11.2024

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З.Нұрыш жоғары оқу орнына оқуға түсуге кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласы бойынша №6655 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтарға әскери борышын өтегеннен кейін жоғары оқу орындарына түсу үшін қарастырылған жеңілдіктер туралы, жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге берілетін оқуға түсу құқығы бойынша мүмкіндіктері мен шарттарын, сонымен қатар тиісті құжаттардың дайындалу реттері түсіндірілді.