Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

12.10.2024

2024 жылғы 8-10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Л.А. Жұбандықова және кәсіби психологиялық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С. А. Меңдібаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп өткізген Құқық қорғау, арнайы, әскери және азаматтық қорғау органдарының әйел – қызметкерлеріне арналған көшбасшылық жөніндегі тренингке қатысты.

 Іс-шара бағдарламасына сәйкес тренинг әйелдер көшбасшылығының психо-физиологиялық аспектілерін қарастыруға, көшбасшылық стильдерін диагностикалау және басқару дағдыларын дамытуға, гендерлік теңдікті ілгерілету үшін жоба-менеджментке, қиын жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау әдістеріне, сендіру тәсілдеріне және сөйлеу арқылы аудиторияға әсер етуге бағытталған 3 сессияны қамтыды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 21 сағаттық тренингтің аяқталғаны туралы сертификаттар табысталды.