Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1.10.2024

Елімізде белгіленген Еңбек күніне орай институтта «Ардагерлерді ардақтайық!» атты салтанатты шара өтті.

Институт ұжымы жыл сайын бұл күні ІІО-да 30 жылдан астам қызмет еткен, мол тәжірибесі бар ардагерлермен кездесіп, оларға сый-құрмет көрсетеді.

Бүгінде дәстүр жалғасын тауып институт бастығы полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев оқу орнының өркендеуіне өз үлестерін қосқан ішкі істер органдарының ардагерлерін, құрметті зейнет демалысына шыққан Р. Мухаматова мен М. Нурасканованы марапаттады.

Еңбек күнімен қатар білім беру саласының жүрегі саналатын ҚР Жоғары білім қызметкерлері күніне орай институтта өткізілген “Үздік топ жетекшілері” байқауының жеңімпаздары марапатқа ие болды.

Салтанатты жиында курсанттар әсем әнмен, күмбірлеген күймен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.