Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

7.09.2024

2024 жылдың 6 қыркүйек күні Алматы ауданы әкімдігінің және “Геолог” мәдениет Үйінің қолдауымен Ақтөбе қаласының #1 жасөспірімдер спорт мектебінде “Отбасы күніне” орай, “Отбасы – бақыт мекенім” атты спорттық шара ұйымдастырылып, әр мекеме қызметкерлерінен 10 отбасылық команда қатысты. Аталған спорттық шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының бастығы полиция полковнигі Асыланбек Асылбекович Мергалиев отбасымен қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болып, Алматы ауданы әкімінің алғыс хатымен, кубогымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.