Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

4.09.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе облысының прокуратурасымен біліктілікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне Ақтөбе облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Дауешов Халидулла Зиноллаұлы және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиев қатысты.
Меморандум Тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін дамыту мен нығайтуды, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызметті жетілдіруді көздейді.
Прокуратура өкілдері Институт мұражайын және заманауи мультимедиялық ed-Smart студиясын аралады.