Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

12.01.2024

12 қаңтар күні лицейде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары , полиция подполковнигі Ерлан Қуанышұлы Балымов келді. Лицей тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған кездесу барысында подполковник мырза құқық қорғау саласы бойынша мамандар даярлайтын Батыс өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орны – заң институты туралы ақпарат беріп, болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.