23.05.2017
2017 жылғы 22 мамырда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 20 жыл толуына орай мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің ұйымдастыруымен 1 курс курсанттары арасында «Қоғамдағы тіл дамуының факторлары» тақырыбында дебат өтті. Дебаттың мақсаты — мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, Елбасының үштілділік саясатын қолдау және насихаттау, сонымен қатар, курсанттардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, сөйлеу мәдениетін өсіру болды.
«Бәйтерек» және «Тұлпар» командаларына бөлінген курсанттар екі жақты, жақтаушы және даттаушы позицияларында қоғамымызда тілдің дамуы қаншалықты деңгейде екендігі және қазіргі таңда тіл дамытушы факторлардың, я тежеуші факторлардың басымдығы жөнінде пікір таластырды. Тіл туралы заңды басты назарға ала отырып, күнделікті қоғамда болып жатқан жайттардан үзінді мысалдар келтіріп, тақырыптың аясын аша түсті. Қоғамда тіл мәселесінің күрмеуі шешілмеген түйіткілді жақтары көп болып тұрғандығы жөнін, оның бірі – еліміздің Конституциясында да, Тіл туралы Заңында да көрсетілген, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы кезең-кезеңімен шығып жатқан тіл туралы бағдарламалардағы ережелер мен нормалардың қолданылу деңгейі жайын қозғап, ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің даму деңгейіне екі жақты басым пікірлер тарқатты. Сонымен бірге, Елбасының үштілділік саясаты да назардан тыс қалмады.