Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Гендерлік теңдік және әйел-қызметкерлердің көшбасшылығын дамыту мәселелері» дөңгелек үстел

21.09.2022

2022 жылғы 21 қыркүйекте Жалпы заң пәндері кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры З.М.Куашева сондай-ақ орталықта білім алып жатқан Ақмола облысы ПД Көкшетау қ. ЖПБ аға инспекторы полиция капитаны Н.К.Турсимбаева Алматы қаласы ПД Медеу ауданы ПБ ЖПҚ аға инспекторы полиция майоры М.Т.Үсенова, Жамбыл облысы ПД Тараз қ. ЖПҚ инспекторы полиция аға лейтенанты Шонгарбаева С.Н. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен ұйымдастырылған «Гендерлік теңдік және әйел-қызметкерлердің көшбасшылығын дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.