Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2018 жылғы 26 -27 сәуір аралығында Ресей Федерациясының ІІМ Омбы академиясында өткізілген «Адам. Қоғам. Құқық» тақырыбындағы курсанттардың, тыңдаушылардың және студенттердің халықаралық ғылыми конференциясына ЖІҚ кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Такежан Есентайұлы Сүлейменовтің жетекшілігімен 1-ші Б курс курсанты қатардағы полиция Жасұлан Нұрланұлы Байменовтің қатысуы

2.05.2018

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевтің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 27 ж/қ бойынша бұйрығына сәйкес, ЖІҚ кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Такежан Есентайұлы Сүлейменов пен 1-ші Б курс курсанты қатардағы полиция Жасұлан Нұрланұлы Байменов
2018 жылғы 24 сәуір мен 30 сәуірі аралығында Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясына шығуды жүзеге асырды.

2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 09.40 пен 10.00 уақыт аралығында «Адам. Қоғам. Құқық» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысушы курсанттарды, тыңдаушыларды және студенттерді тіркеу жүргізілді. Содан кейін сағат 10.00 мен 12.20 аралығында пленарлық жиналыс болды. Сағат 12.30 бен 14.00 аралығында секциялар бойынша жұмыстар; 14.00 мен 15.00 уақыт аралығында түскі үзіліс; 15.00 мен 17.00 уақыт аралығында секциялар бойынша жұмыстар және 17.00-де конференция жұмысының қорытындысы жарияланып, нәтижесінде курсант Ж.Н.Байменовке белсенді қатысқаны үшін диплом мен сертификат табыс етілді.

Екінші күні 2018 жылдың 27 сәуір күні сағат 10.00 мен 13.00 уақыт аралығында Ресей ІІМ және ТМД Елдері білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушылары арасында ең үздік зерттеу жұмысы бойынша халықаралық конкурстың финалдық кезеңі өткізілді, онда «Қылмысты іздестіру бөлімшелерінің іздестіру жұмысы» номинациясы бойынша курсант Ж.Н.Байменов екінші құрметті орынға ие болды.

Осы күні сағат 14.30-бен 17.00 уақыт аралығында «Қылмысты іздестіру: өткені мен бүгінгі күні» атты халықаралық семинар өтті, ол бойынша курсант Ж.Н.Байменов «Қазақстанның қылмысты іздестіру тарихы» тақырыбы бойынша баяндама жасады, нәтижесінде оған сертификат табыс етілді.

Конкурстар мен семинарлар арасындағы үзілістер кезінде Ресей Федерациясының ІІМ Омбы академиясын аралату, мұражайларға экскурсия жасау жүргізілді және ғылыми әдебиеттермен алмасты.

ЖІҚ кафедрасының бастығы

полиция подполковнигі                                          

Т.Е.Сүлейменов