3.11.2017
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ҚР-ның 2011 жылғы 06 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 47-51 – баптарының талаптарына және институт бастығының ағымдағы жылғы 20 қыркүйектегі №189 бұйрығына сәйкес, 2017 жылғы 02 қарашада сағат 15.00 – де кезекті аттестаттаудан өтуге тиіс қызметкерлерге аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілді.
ҚР Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №390 Жарлығына сәйкес, аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады деген хабарландыру ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының сайтында жарияланды. Бірақ қоғамдық бірлестіктер тарапынан аттестаттау комиссиясына қатысуға ұсыныстар түспеді.
Институт бастығымен бекітілген кестеге сәйкес аттестаттауға 14 қызметкер қатысты, олардың ішінде:
- 1 қызметкер – атқаратын лауазымына лайық және кадр резервіне енгізу үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылды;
- 10 қызметкер – атқаратын лауазымына лайық;
- 3 қызметкер – қайта аттестаттауға жатады.
Аттестация өткізу барысында аттестаттау комиссия мүшелері және аттестация тапсырушы қызметкерлер тарапынан арыз-шағымдар мен ескертулер болмады.
Аттестаттау комиссиясының
хатшысы
полиция майоры
А.Е.Курманова