Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

101- топ курсанттары арасында «Сот залындағы қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеуі» тақырыбына байқау сабағы

20.05.2017

2017 жылдғы 19 мамырда 101-оқу тобында ІІО қызметкерлерінің сөйлеу мәдениетіпәні бойынша «Сот залындағы қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеуі» тақырыбына тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты  – көпшілік алдында сөйлеуде сөйлеу коммуникацияларын қолдану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру,сот сөйлеуі, сот шешендері, сонымен қатар, сот жарыссөздерінде сөз сөйлеудегі мәдениет пен әдепке үйрету.

Сот жарыссөздерінде негізгі орынды қорғаушы мен айыптаушының сөйлеуі орын алады. Сот талқылауына қатысты қатысушылардың сотта сөйлеуі кәсіби және процесуалдық міндет болып табылады. Осылайша, сабақ сот отырысы түрінде өткізілді, курсанттар прокурордың айыптау сөзі мен адвокаттың қорғау сөзін көрсетті.  Әрі қарай курсанттар сот ісін қарастыруды қорытындылап  қана қоймай, барлық өткен жұмысты, дәлелдемелерді талдап, іс бойынша өздерінің көзқарастарын баяндады. Сонымен бірге, курсанттар билердің соттарын көрсетті, соттың жоғары моралін,  осындай іргелі принциптерге құрылғандығын және негізделгенін, әділдігін, сот шешімдерінің бағдары моральдық және мәні ретінде, соттың қолжетімділігі мен жариялылығы, судьялардың шешендік өнерін иеленуі  ретінде сот шешімдерін дәлелдеу және негіздеу,  сот тараптарының татуласуын және келтірілген құқық бұзушылық залалдарын толық өтеуге бағдарлануы. Билер сотының айқын ерекшелігінің бірі —оның руханилығында: қарастырылатын даулардың рухани мазмұндылығы әрқашан басым болды, біріншіден, билер қоғамдағы қалыптасқан моральді анықтауды ұстануға тырысты. Қорытындысында «Үш би» бейнематериалы көрсетілді.

Аталған іс-шара курсанттардың қызығушылығын туғызды және көпшілік алдында сөйлеудің негіздерін құруда одан да көбірек ықыластарын танытты, сөйлеудің әртүрлі түрлерінің құрылымы және олардың стилистикалық ерекшелігі, білімдері олармен болашақ кәсіби қызметінде қолданылады.

ЖББ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Г.Уайсова