Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2 курс курсанттарын дербес бөлу

14.01.2019

Қазақстан Республикасы  ІІМ 2018 жылғы 15 желтоқсандағы №916 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2 курс курсанттарын дербес бөлу кезекті комиссиясы өткізілді.                                             
Дербес бөлуге  бітіруші курс (қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша) қатысты.
Курсанттарды дербес бөлу комиссиясының отырысына  Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің Кәсіби және идеологиялық даму басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Е.Б.Куанов, облыстық және Көліктегі ПД  өкілдері келді. Институттың  әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Е.К.Балымов «ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттарының тағылымдама және кәсіптік тәжірибеден өтуі туралы»  баяндамасымен сөз сөйледі.
Институт бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков Түлектерді дербес бөлу бойынша  комиссияның жұмысы басталмас бұрын, дербес бөлу комиссиясына институт аумағын таныстыру экскурсиясын жүргізді.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы
АЗИ КЖБ