Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

27.02.2020

2020 жылғы 27 ақпанда Ақтөбеде Нұр Отан партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай «1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Пленарлық отырысқа Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және РФ Журналистер Одағының мүшесі, жазушы-өлкетанушы Күнсұлу Намазова, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова, Қазақстан Республикасының Конституциясы кеңесінің мүшесі Әлібек Темербеков, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының ЖОО-ның ректорлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының орынбасары, з.ғ.к. полиция подполковнигі Талғат Бейітұлы Досаев, Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, PhD докторы полиция майоры Чингиз Қуанышбекұлы Утегенов және үшінші курс курсанттары қатысты.

Конференцияға қатысушылар «Қазақстан Республикасының Конституциясы: билік және халық», «Қазақстан Республикасының Конституциясы — тұрақтылық пен демократия кепілі», «Ақтөбе облысы еліміздің серпінді дамудағы өңірлерінің бірі ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда» сынды тақырыптарда баяндамалар жасады.