Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

27.05.2021

27.05.2021 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының ұйымдастыруымен «Пандемия кезінде оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиын онлайн режимде Jitsi Мeet -те барлық арнайы оқу орындары өкілдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Аталған іс-шарада қашықтықтан оқыту форматындағы проблемалар, шешу жолдары мен дамыту перспективалары талқыланды, білім беру процесіне енгізілген инновациялық технологиялар көрсетілді және толғандыратын сұрақтарға жауаптар алынды. Институт ұжымы ұйымдастырушыларға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.