17.03.2017
2017 жылы 16 наурызда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы А. Г. Игольников криминалистика пәні бойынша «Трасология – криминалистическое учение о следах» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағына институт басшылығы және профессорлық- оқытушылық құрам қатысты.
Оқытушы тақырыптың мәселелерін қарау кезінде, осы пән бойынша өткен материалдар мен алдағы сабақтағы, атап айтқанда сот фотографиясы, криминалистикалық техникамен логикалық байланысын орнатты. Педагогикалық және тәжірибелік қызметі, белгіленген жұмыс бағдарламасына сәйкес дәрістің мақсаты анық ашылды. Көлемі және мазмұны жағынан дәріс материалдары жақсы құрастырылған, басқа да кәсіби пәндермен тығыз байланыстырылған (Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, сот медициналық сараптамасы, жедел іздестіру қызметі, ҚР әкімшілік құқығы), курсанттарды жалпы кәсіби дайындыққа бағыт беруді қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік ғалымдардың бекітуі мен оны көшіріп алуды жіктеу үшін әртүрлі тәсілдерді пайдалану, трасология саласындағы соңғы зерттеулер болып табылады.
Бірінші сұрақтың мазмұнын ашып көрсету кезінде оқытушы бүртік өрнектердің түрлері мен типтерін және қол іздерінің түрлерін қарастырған. Дәрістің екінші сұрағында аяқ іздері, бұзу, қирату құралдары, транспорттың іздері қарастырылды. Дәрістің үшінші сұрағында басқа да іздердің (тістердің, жануарлардың, иістердің іздері) классификациясы мен түсінігі қарастырылған. Дәрістің құрылымы түсінікті және дәрістің барысында тақырыпта жоспарланған барлық сұрақтар қарастырылған. Дәріс уақыты ұтымды бөлінген.
Оқытушы баяндалған материалды еркін меңгерген, бұзу мен қирату құралдарын, іздердің үлгілерін көрсетіп, практикадан мысалдар мен түсініктемелер, тұжырымдамалар мен дәлелдемелерді бекітті. Дәріс материалы электронды слайдтар түрінде және сызбалар, графиктер түрінде ұсынылды. Ол курсанттардың материалды қабылдауына және дамуына көмекші құралы болып табылады. Дәріс тақырыбының кейбір аспектілерін нақтылау үшін тақта пайдаланылған. Дәрістің оқылу тәсілі өте жоғары деңгейде және қызықты. Дәріс сабағының соңында сипатталған тақырыпта қарсатырылған мәселелердің негізгі сәттері (трасологиядағы іздердің классификациясы, негізгі классификациялық белгілері, олардың мағынасы, қылмыстарды тергеу және ашу процесін пайдалану) қорытындыланды.
«ҚПжК» кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г. Игольников