16.06.2017
2017ж. 15 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу кешенінде ТҚЖ-ны қолданумен қатар, жоспардан тыс криминология пәні бойынша «Криминологическая характеристика и предупреждение преступности в местах лишения свободы» тақырыбында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Б.Жаманов 1–курстың 101 оқу тобының курсанттарына ашық семинар сабағын өткізді.
Аталмыш семинар сабақ, сурет пен презентация түрінде өтті. Курсанттарды талқылауға баулыған материалдардан оқытушының белсенділігі мен шеберлігін байқауға болады.
Сабақ барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- Бас бостандығынан айыру орындарындағы криминологиялық мінездеме.
- Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық себептер.
- Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықты алдын алу.
Қорытындылай келе, ашық семинар сабақ жан жақты қамтылып, курсанттар сұраққа жауап беріп және мәселелерді одан әрі қарауға назар аударды. Сабақтың мақсаты орындалды. Оқытушылар курсанттарға бағалау критерийлерін әзірлеп, сол арқылы балдық жүйе қойылды. Курсанттар келесі сабаққа нақты нұсқаулар алды.
І.Н. Аяпбергенов
ҚҚжК кафедрасының доценті
полиция подполковнигі