Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

15-16 тамыз күндері Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында интернет-алаяқтықтық бойынша көшпелі атыраптық семинар-кеңесі өтуде.

16.08.2024

​Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Қожаевтың төрағалығымен семинар-кеңеске ІІМ-нің, прокуратура, сот, ҚМА және банктердің қауіпсіздік қызметінің өкілдері қатысуда.
​Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев интернет-алаяқтық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып қала беретінін белгіледі. Әсіресе алаяқтардың алдауына және психологиялық әсеріне қаржылық сауаттылығы төмен қарт адамдар жиі түсетінін, телефон және интернет-алаяқтары жұмыс істейтін ең кең таралған схемалардың мысалдарын келтіріп, алаяқтардың IT-технологияларды жиі қолданатынына назар аударды.
​Өз сөзінде ІІМ ТД бастығының орынбасары Самат Аисов интернет-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тергеудегі проблемалық мәселелерге тоқталып, бастапқы тергеу-жедел іс-шаралар алгоритмі және дропперлердің жауапкершілігі туралы айтты.
​Кредиттік-қаржы ұйымының өкілі Құралбек Шарбақов қатысушыларды алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы хабардар етті және қатысушыларға банктің нақты қызметкерін алаяқтан қалай ажырататын тәсілдерді жеткізді.
​Екінші күнге интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеп жатқан тергеушілермен тактикалық және ситуациялық сабақтар өткізу жоспарланған.