Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС

13.05.2017

2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтының базасында курсанттар мен студенттер арасында Қазақстан полициясының   25 жылдығына арналған «Заң және құқық» тақырыбындағы республикалық интеллектуалдық сайыс өтті. Аталған                іс – шараны  жалпы құқықтық пәндер кафедрасы, ІІО әкімшілік  құқық және әкімшілік қызмет пәндер кафедрасы, жалпы білім беру пәндер кафедрасы және оқу – әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.

   Сайыстың мақсаты: болашақ заң қызметкерлерінің күнделікті заңнамалардың жаңартылуын зерделеудегі кәсіби біліктілігін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық мемлекеттің құндылықтарына жұмылдыру.   

Cайысқа Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институты, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Ақтөбе қаласында орналасқан Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің  студенттері қатысты.    

Сайысқа Әділқазылар ретінде Ақтөбе қаласындағы университеттердің институттардың  профессорлары, алқа мүшелігінің адвокаттары  төрелік етуге шақырылды.  

 Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең.  Таныстыру: команда атауы, төсбелгі мен әнұраны.  

2-кезең. «Блиц»: қатысушы командаларға  Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығынан мемлекеттік және орыс тілдерінде сұрақтар беріледі.

3- кезең.  «Біз «ЭКСПО – 2017»  волонтерымыз»  қатысушылар сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беріп, ағылшын тілінен өз білімдерін көрсетеді.

4- кезең.  «Үй тапсырмасы».

Сайыс жеңімпаздары  Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, ал белсенді қатысушыларға және ағылшын тілінде жоғары дәрежеде білім көрсеткен қатысушылар грамоталармен  марапатталды.    

Сайысқа қатысушылар өткізілген  іс – шараны  жыл сайын аймақтық және республикалық көлемде өткізуге ұсыныс берді.