Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтобе қалалық сотында болашақ полицейлер үшін көшпелі шеберлік классы өткізілді

12.04.2017

2017 жылғы 11 сәуірде жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.К.Каримбаева азаматтық іс жүргізу сабағының шеңберінде Ақтөбе қалалық сотына шығу тәжірибелік сабағын (шеберлік класын) ұйымдастырды. Бұл шараға институттың 1 курсы 104- тобының курсанттары қатысты. Курсанттар мүлікке келтірілген шығынның орнын толтыру, моральдық зиян келтірудің көмек өтемі туралы азаматтық іс бойынша сот отырысына қатысты.

Сот процесіне төрағалық етуші Ақтөбе қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі төрағасының міндетін атқарушы Қанат Сеитжаппарұлы Сембеков сот отырысынан кейін курсанттар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. Курсанттар институт қабырғасында оқып жатқан пәндерді табысты игерулеріне және алдағы уақытта алған теориялық білімдерін тиімді қолдануына жәрдем беретін  теңдессіз практикалық тәжірибе жинақтады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі төрағасының міндетін атқарушы Қанат Сеитжаппарұлы Сембековке курсанттарға практикалық білім беруді ұйымдастырудағы табысты тәжірибелік серіктестігі және баға жетпес көмегі үшін алғыс білдіреді.