Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ерлікке тағзым

11.05.2017

2017 жылғы 9 мамыр күні 72 рет Ұлы Жеңіс күні тойланды. Халықтың сансыз ерлігі мен соғыс жылдарындағы қайғы-мұң халықтың мәңгі есінде. Жыл сайын көктем бізге осынау ұмытылмас мейрам – Ұлы Жеңіс күнін әкеледі.

Осы мерекені тойлау – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты үшін үлкен мәртебе. 2017 жылғы 6 мамырда институтта аталған мерекеге орай «Біз жеңістің мұрагеріміз» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

«Ер есімі-ел есінде» дегендей, іс-шара Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Әрі қарай мереке концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік бағдарламаны институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев құттықтау сөзімен ашты. Сахна төрінде жүргізушілер соғыс жылдары болған мәліметтерді оқып, 1 курс курсанты С.Сисенбай «Әлия» әнін, 1 курс курсанты Р.Сағынтаев «Жойылсын соғыс» әнін шырқап, «Айша бибі» би тобы «Катюша» әніне би биледі. 1 курс курсанттарынан құрылған хор «Смуглянка», «Победа» әндерімен концерттік бағдарламаның шырайын ашты. 

Шара барысында Ұлы Жеңіс күніне орай институттың бір қатар қызметкерлері ішкі істер министрінің және институт бастығының құқығымен марапатталды.

Сонымен қатар, институт бастығы С.И.Қаракүшев Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерінің тұрғылықты мекенжайына барып, мерекелерімен құттықтап, ардагерге мерекелік сыйлықтар ұсынды.  

Соғыста аталарымыз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің сиясын сақтау – кейінгі буынның азаматтық парызы.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева