Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ардагерлерге құрмет

11.05.2017

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 72 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Сондай ардагерлердің бірі М.И.Диденконы 2017 жылғы 6 мамырда мерекесімен құттықтау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев тұрғылықты мекенжайына барып қайтты. Ардагерлерге мерекелік сыйлықтар ұсынып, құрмет көрсетіп, тағылымы мол әңгімелер тыңдап келді. Әңгіме барысында ардагер соғыс жылдарында басынан өткізген қиыншылықтарды, соғыстан оралған соң ішкі істер органдарында жедел уәкіл болып қызмет жасағандығы және жедел іздестіру басқармасынан зейнетке шыққандығы туралы сөз тарқатып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру керектігін, өзінің де екі бала тәрбиелеп өсіргендігі туралы айтып берді. Сонымен қатар, сұрапыл соғыс кезінде елі мен жері үшін жанын пида етіп, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіретіндігін айтты.

Осындай жауынгерлердің жеңісті ерлігімен соққан ерең ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік   туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеп, барша ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтау –  бүгінде біздің азаматтық міндетіміз.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты

Б.С.Елеусизов