Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПРОЦЕССУАЛДЫ ПРОКУРОР ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ (ВИРТУАЛДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ҚОЛДАНУ

10.06.2017

2017 жылғы 9 маусымда Ақтөбе облыстық прокуратурасында бейнеконференциялық байланыстағы процессуалды прокурорлық  институтын дамыту барысында интерактивтік технологияны қолданумен тәжірибелік сабақ өтті.

Сабақ өткізген Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлім бастығы (PhD) докторы, полиция майоры Р.А. Медиев. Қатысушылар «Виртуалды оқиға болған жерді қарау» инновациялық компьютерлік оқу-әдістемелік бағдарламасы түрлімен, сондай-ақ виртуалды оқиға болған жерді қарау үшін арналған ақпараттармен танысты.

Әдістемелік-семинарда Ақтөбе қалалық Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар райондарының  прокурор қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар бағдарламаның негізгі сипаттамаларымен танысты:

  • оқиға болған жерді модельдеу режимі  (нұсқаушы үшін  (оқытушы);
  • оқыту тәртібінің режимінде оқиға болған жерді қарау, әдістерін анықтау, бекіту, алу және қылмыс іздерін ораумен қатар,  оқиға орнын тексеру  хаттамасының  дұрыс рәсімделу дағдылардың  үйретілуі.

Ұсынылған бағдарлама мынадай оқиға болған жерлерді модельдеу мүмкіндігін береді: пәтер (бір, екі, үш бөлмелі),  көп пәтерлі тұрғын үй, үй маңындағы аумақ (аула), елді мекендегі көше, өріс, орман, парктік зона, теміржол вокзалы,  гараж кооперативі, өрт іздері қалған пәтер.

Бағдарламаның негізгі сипаттамаларымен танысып болған соң,  Ақтөбе облыстық прокуратура қызметкерлері бұл бағдарламаны  оқу полигоны жоқ жерде, яғни тұрғылықты практикалық оқыту мүмкіндігі бар кеңінен компьютерлік сыныпта қолдануға болатынын айтты.

Сонымен қатар,  прокурорлардың қылмыстық процессуалдық білімін арттыру шеңберінде облыстық прокуратура  мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институт арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, теориялық және практикалық сабақтар жоспарлануда.

Р.А. Медиев

ҒЗжРБЖҰБ бастығы,

(PhD) докторы, полиция майоры