9.05.2017
Институт бастығының 2017 жылғы 12 сәуірдегі №27 ж/қ бұйрығы бойынша 22 сәуір күнімен 01 мамыр күндері аралығында ӘжДШД кафедрасының доценті полиция полковнигі Қ.Д.Үмбетбаев және 29 сәуір күнімен 08 мамыр күндері аралығында ӘжДШД кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Ж.Қ.Қаирбаев Ақмола облысына біліктілігін арттыру курсына жіберілді. Аталған курстар Ақмола облысы ІІД Целиноград аудандық ІІБ-нің спорт залында өтті. Осы аталған курстарға облыстық, қалалық, аудандық ІІБ-нің басшылары және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомоствалық оқу орындарынан қатысты. Біліктілікті арттыру курсын үйрету барысында қызметкерлер арнайы тактика, атыс даярлығы, ІІО бөлімшелерінің әскери қызмет атқарудан тактикалық дайындығы, қоян-қолтық ұрыс, психологиялық даярлық, антитеррорлық заңнаманың негіздері, ұшпайтын арнайы құралдар.
Сабақтарды Арнайы даярлық департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А.Ч.Оспанов, АДД бастығының орынбасары полиция подполковнигі К.А.Евнеев, Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес департаменті басқармасының орынбасары полиция полковнигі Б.А.Сыздықов, жол патрульдік полициясы полкінің психолог-полигрофологі полиция лейтенанты Ю.В.Ситникова, Арнайы даярлық басқармасы бөлімдерінің нұсқаушылары өткізді.
«Құқық қорғау және экстрималдық жағдайда қызметкерлердің іс әрекеттері» атты курсы бойынша Москва қаласы ІІМ МБ ӘҚД бойынша Оқу орталығының кәсіби даярлық нұсқаушылары (оқу орталығының бастығы полиция подполковнигі Е.П. Тупичкин) сабақ жүргізді.
ІІМ ӨҚБ жеке құрамы бойынша инспекция қызметкерлері ІІО қызметкерлері арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бойынша дәріс жүргізді.
Біліктілікті арттыру курсына келген кезде және курсты аяқтағанда дене шынықтырудан және атыс даярлығынан сынақ қабылдады.
Курс аяқталған соң, Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» лагеріне экскурсия жасалды.
М.Д.Нұршаев
ӘжДШД кафедрасының бастығы
полиция полковнигі