Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПРОЦЕССУАЛДЫ ПРОКУРОР ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУБАРЫСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢБАЗАСЫНДА ҚОЛДАНУ(ВИРТУАЛДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУ)

7.06.2017

2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамыАқтөбе облыстық прокуратурасының қызметкерлеріне оқыту әдістемелік-семинарын  өткізді.

Жұмыс барысына ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы (PhD) докторы, полиция майорыР.А. Медиев,қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников және қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.С. Жұмабаев қатысты. Қатысушылар  «Виртуалды оқиға болған жерді қарау» инновациялық компьютерлік оқу-әдістемелік бағдарламасытүрлімен, сондай-ақ виртуалды оқиға болған жерді қарау үшін арналған ақпараттармен танысты.

Әдістемелік-семинарда процессуалдық прокурорлардың басқарушысы облыстық прокурордың аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Фариза Ибрагимов қатысты.

Семинарға қатысушылар бағдарламаның негізгі сипаттамаларымен танысты:

  • оқиға болған жерді модельдеу режимі  (нұсқаушы үшін  (оқытушы);
  • оқыту тәртібінің режимінде оқиға болған жерді қарау, әдістерін анықтау, бекіту, алу және қылмыс іздерін ораумен қатар, оқиға орнын тексеру  хаттамасының  дұрыс рәсімделу дағдылары үйретілуі.

Ұсынылған бағдарлама мынадай оқиға болған жерлерді модельдеу мүмкіндігін береді: пәтер (бір, екі, үш бөлмелі),  көп пәтерлі тұрғын үй, үй маңындағы аумақ (аула), елді мекеніндегі көше, өріс, орман, парктіқ зона, темір жол вокзалы, гараж кооперативі, өрт іздері қалған пәтер.

Бағдарламаның негізгі сипаттамаларымен танысып болған соң,  Ақтөбе облыстық прокурордың аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Фариза Ибрагимов инновациялық технологияның ойындар әдісін қолдану арқылы білім беру жүйесін ұйымдастырып қана қоймай, білімін жетілдіруге әсерін тигізді. Сондай-ақ, ол «Инновациялық технологияларды пайдалану қылмыстың әртүрлі оқиға болған жердi тексеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді»- деп өз пікірін білдірді.

Р.А. Медиев

ҒЗжРБЖҰБ бастығы,

(PhD) докторы, полиция майор