Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейболдан жарыс өтті.

7.06.2017

Қазақстан полициясының  25 жылдығын мерекелеу шеңберінде, институттың тұрақты және ауыспалы құрамы арасында өткізілген волейбол жарысы

2017 жылдың 05 мен 06 маусымы аралығында институттың іс-шаралары жоспарына сәйкес  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорттық кешенінде Қазақстан полициясының – 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында институттың тұрақты және ауыспалы құрамы арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 8 команда құрамындағы 64 қызметкер  қатысты.

Турнирге келесі командалар қатысты:

  1. «Арлан» командасы
  2. «Намыс» командасы
  3. «Спартак» командасы
  4. «Динамо» командасы
  5. «Бүркіт» командасы
  6. «Астана» командасы
  7. «Қамал» командасы
  8. «Әдіскерлер» командасы

Қатысушылардың жасы шектелмеген.  Ойынның ұйымдастырушылық деңгейі жақсы және  мәренің соңына дейін қызықты болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделер келесі кезекте берілді:

І орын — «Спартак» командасы (әскери және дене шынықтыру кафедрасы) командасы иеленді, ІІ орын — «Арлан» командасы (қылмыстық құқық және криминология мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедралары), ІІІ орын  — «Астана» командасы (институт басшылығы, кадр бөлімі,  тәрбие жұмысы бөлімі);

РБЖҰ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.У. Смағұлова