8.04.2017
Ағымдағы жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ғылым күніне байланысты «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының докторанттары, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының магистранттары мен курсанттары, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанттары, сонымен қатар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.
Конференция жұмысын институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ғалия Жанабекқызы Сулейманова ашып, қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі. Бұдан кейін сөз алған Курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы 1-курс курсанты Т.Н. Тансыков іс-шараға қатысушылардың барлығына түрлі тақырыптар мен баяндамалар арасынан өздеріне қызықты да, тиімді бағыттарды табуына тілек білдірді.
Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2-курс докторанты полиция капитаны Е.Қ. Балымов, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс магистранты Г.З. Чутабеков, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының 2-курс курсанты Т.М. Галиуллин, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттері З.Самал мен А.Исмагилова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің 4-курс студенті К.Жакияев, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты Д.Умарова, сонымен қатар Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және психология кафедрасының аспиранты, «Білезік – отбасы құндылықтарының орталығы» ЖШС-нің директоры Ә.У. Турниязова өз баяндамаларын көпшілікке ұсынды.
Конференция жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізілді: 1-секция «Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері», 2-секция «Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің мәселелері мен болашағы», 3-секция «Қылмысты ашу және тергеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтар», 4-секция «Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық дамытудың жалпытеориялық негіздері», 5- секция «Психологиялық-педагогикалық негіздер және арнайы дайындық». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға 83 сертификат, 5 алғыс хат, сонымен қатар конференция жұмысына қатысқан жоғары оқу орындары үшін естелік сыйлықтар тапсырылды. Конференция барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің арасында серіктестік туралы хаттамаға қол қойылды. Сонымен бірге жұмыс бағдарламасы, ұсынымдар және Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Әзірбайжан Республикасының ЖОО курсанттарының (студенттерінің), тыңдаушыларының, магистранттарының, адъюнктарының, докторанттарының ғылыми мақалаларын қамтыған материалдар жинағы дайындалып, шығарылды.
Қорыта айтқанда, халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы, Орталық Қазақстан академиясы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Ресей ІІМ Орал заң институты, Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полиция академиясы, Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетінің Калининградтық филиалы, Рязань қ. Жазаларды орындаудың федералдық қызметі академиясы, «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті, Байкал мемлекеттік университетінің заң институты (Иркутск қ.), Оңтүстік Орал мемлекеттік мемлекеттік университеті (Челябинск қ.), РФ Қорғаныс министрлігінің «Армия генералы А.В.Хрулев атындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясының ФГКВОУ ВО Материалдық қамтамасыз ету Вольск әскери институты (филиал), РФ ІІМ Воронеж институты, РФ ІІМ Омск академиясы ат салысып, өз баяндамалары мен мақалаларын ұсынды.
Конференциядан кейін қонақтарға «Жас туристер станциясы» ММ – нің экскурсия жетекшісімен қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар курсанттар Ақтөбе қаласының бірден-бір көңіл бөлер жері – Қазақстан бойынша жалғыз стационарлық планетарийге барды. Жұлдызды аспан залында оларға мультимедиялық құрылғыларды пайдалана отырып, дәрістер берілді. Ал кешкісін курсанттар телескоптар арқылы ашық аспан астында аспан денелеріне, түрлі астраномиялық көріністерге астраномиялық бақылау жасады. Планетарий қонақтары ғылыми-ағарту мекемесіне бару сапарында астраномия мен ғарышкерліктің жаңашашыл жетістіктері туралы көп қызықтар біліп қайтты.
Сонымен қатар, халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде, 8 сәуір күні институттың спорт залында курсанттар үшін Қазақстан Республикасының ІІМ жүйесіндегі ЖОО арасында волейболдан республикалық спартакиада өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша командалар грамоталармен және номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ, «Үздік ойыншы» номинациясындағы дипломға Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанты
К.М. Ахметбеков ие болса, «Үздік шабуылшы» – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанты А.Мұратов, «Үздік байланыстырушы ойыншы» – Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты Т.Мурзагалиев атанды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің инспекторы
полиция аға лейтенанты
Д.Қаратикенова