5.06.2017
М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Әйелдер кеңесі жұмыс жасайды, оның төрағасы – қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С.Ғ.Назарбаева. Институттың Әйелдер кеңесі қоғамдық ұйым болып табылады. Әйелдер кеңесінің қызметі шығармашылыққа және нақты тапсырмаларды ескере отырып, әйелдердің өзіндік қызметіне негізделген, оның ішіне кіретіні: ұжымда әлеуметтік-мәдениетті дамыту, отбасының бос уақытын ұйымдастыру, мерекелік шаралар өткізу, ұрпақтар сабақтастығын бекіту, демалыс, мереке күндерді бірге өткізу, қызметкерлердің балаларын спортқа және басқа да шараларға тарту.
Әйелдердің жалпы жиыны әйелдердің жоғары қоғамдық ұйымы болып табылады. Оның әйелдер қызметінің негізгі сұрақтарын шешуге, институттағы моральдық-құқықтық жағдайды бекітуге, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге, әйелдердің қоғамдық көзқарасын қалыптастыруға құқығы бар.
Әйелдер кеңесі 2016 жылы және 2017 жылдың 2-тоқсанында қызметкер және ерікті қызметкер әйелдер арасында бірнеше іс-шаралар өткізді. Яғни, институттағы оңтайлы эмоционалды-психологиялық жағдайды қалыптастыруға, рефлекстік ерекшеліктерді дамытуға, күйзелістен шығу жолдарын көрсетіп, эмпатияны дамытуға және отбасы құндылықтарын анықтауға арналған әйелдер семинар-тренингі өткізілді.
Отбасы кеңесшісі А.Турениязова мен Мәскеу қаласынан келген отбасы қарым-қатынастары саласының маманы А.А.Григореньконың қатысуымен Әйелдер кеңесінің төрағасы С.Ғ.Назарбаева мен А.Г.Игольников «Отбасы құндылықтары» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында дәріс оқылды, отбасы құндылықтарын сақтап қалу жөнінде бейнеролик қаралды және бірнеше жаттығу түрлері көрсетілді.
2016 жылғы 12 қазанда «Ақбөбек» балаларға білім беру орталығы базасында «Арасан Ақтөбе» ЖМШ мен «Мейірім Ақтөбе» ҚҰ-ның қолдауымен отбасы құндылықтарын сақтауға арналған семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға қатысуға ғылыми қызметкерлер, қоғамдық қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар, ішкі істер органдарының қызметкерлері және ақтөбелік отбасылар қызығушылық білдірді. Ақтөбе заң институтынан қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері мен жас отбасылар қатысты.
2016 жылғы 25 қарашада Ақтөбеде әкелер кездесуі өтіп, қаланың ең үздік әкелері марапатталды. Ерекше іс-шараны ұйымдастырушы Алия Турнизязова: «Аймақта әкелердің рөлін арттыру керек, соңғы кездері әйелдер эмансипациясы әсерінен әкелер беделі шайқалуда» деген болатын. Ақтөбе қаласында мұндай шаралар бірінші рет болды. 70 үлгілі отбасылар бір жерде кездесті. Бұл әртүрлі жастағы және әртүрлі мамандық иеленген ер адамдар еді. Ең жасы 25-те, ал ең үлкені 67 жаста болды. Олардың ең үздіктерін сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. Ол бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әкелер мен жалғыз басты әкелер болатын. Алғаш рет Отбасы құндылықтары орталығының «Мейірім Ақтөбе» ҚҰ-мен әкелер кездесуі өткізілді. Оның мақсаты – отбасы құндылықтарын түсіндіру болып табылатын әлеуметтік жобаны орындау. Оған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников белсене қатысты.