4.05.2017
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С. Г. Назарбаева 2017 жылғы 20 ақпан мен 11 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына балистикалық зерттеу әдісі бойынша біліктілігін арттыру курсын оқып қайтты.
Қарастырылған сұрақтар:
- ІІО жедел криминалистиқалық бөлімдердегі құқықтық ұйымдастырушылық қызметтің негіздері;
- ҚР-ның «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы;
- Балистикалық зерттеу әдісі;
- Қару -жарақтың жекелеген түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы;
- Сот баллистикалық зертеуінің әдістемелік негізі;
- Сот балистикалық сараптамасымен шешілетін сұрақтар;
- Атыс қаруының жіктелуі;
- Атыс қаруын пайдалану механизмі мен қағидалары;
- Қолдан жасалған атыс қаруы және криминалистикалық зерттеуі;
- Оқ-дәрілерді криминалистикалық зерттеу;
- Оқ-дәрілердің жіктелуі:
- Пневматикалық, травматикалық және газды қару-жарақтың құрылғысы;
- Пневматикалық тапанша;
- Оқиға болған жердегі аумақтық атыс қаруы;
- Атыс іздері т.б.;
- Оқтың құрылымы;
- Криминалистикалық идентификациялық сатылары.
Сондай-ақ, ІІД-нің оқу полигонында тәжірибелік сабақтар өтті.
Сондай –ақ, ІІД-нің оқу полигонында Қарағанды облысы ҚАЖЛ тәжірибелік сабақтар өткізілді. ҚР ІІМ жедел криминалистикалық бөлімдерінің мамандары мен үздік кызметкерлер катысты.
Полиция майоры С.Г. Назарбаева жауынгерлік және кызметтік дайындығы бойынша институттың жеке құрамына сабақ өткізді. Сабақ барысында криминалистикалық зерттеу обьектілері көрсетіліп, сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы, атыс қаруы туралы түсінік, құрылғылар мен негізгі бөліктердің құрылымы қарастырылды.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі
А.Г. Игольников.